Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шекарашы жанып жатқан үйден балаларды құтқарып алып шықты

ҚР ҰҚК шекара қызметінің офицері жанып жатқан пәтерден балаларды құтқарып алып шықты. Бұл туралы аталмыш мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеше түскі уақытта “Оңтүстік” аймақтық басқару бөлімінің офицері майор Мақсат Рысдәулетов түскі астан жұмысқа қайтып келе жатып, тұрғын үйдің төртінші қабатынан түтін шығып жатқанын байқап қалады.

65241

Сурет otyrar.kz

Пәтер терезесін іштен қайта-қайта қағып кішкентай балалар көмек сұрап жатты. Шығатын темір есік кілттеулі болғандықтан куәгерлердің еш қолынан қайран келмей тұрған.

Бірден іске кіріскен Мақсат Рысдәулетов бесінші қабаттағы көршілерден балкондарын ашуды өтініп, сол арқылы жанып жатқан төртінші қабатқа түседі. Бұл кезде пәтер түтінге толып кеткен болатын. Сол жерден әбден қорқып қалған балаларды балконға алып шығып, өрт сөндірушілер келемін дегенше өзі білек сыбына кірісіп кетеді.

41414141

Балалардың айтуынша, өрт екеуінің бірінің сіріңкені дұрыс қолданбауының кесірінен шыққан. Сөйтіп әуелі жердегі кілем жанып, басқа заттарға ұласқан. 15-20 минуттан соң анасы келіп, есікті де ашты.

Шекарашы болса, тек әскери ғана емес азаматтық міндет атқардым деп есептейді.

Талқылау