Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі қызметін дұрыс атқармаса жұмыстан кетуге уәде берді

Шымкентте Қонаев көшесін Ташкент тас жолына қосытын болса сол жерде орналасқан Сәуле ықшамауданындағы үйлер құлатылуы мүмкін.

 

1

Шымкентте өткен қала әкімімен кездесуде көптеген мәселелер талқыланды. Және қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, соның ішінде Қонаев көшесі Ташкент тас жолына қосылуы мүмкіндігін айтты. Егер көшені қосатын болса сол жердегі үйлер құлатылады деген  сыбыстың рас-өтіргін жауап берді.

-Ол жердегі үйлерді бұзу деген қиянат. Мен ондай жасағым келіп жатқан жоқ. Біз оны жасамаймыз. Мемлекеттің жұмысын білесіздер, егер жобада 1-2 алынатын болса, біз ол үйдің иелерін шақырып сөйлесеміз. Шаш ал десе бас алатын адам емеспіз. Оның бәрін сіздермен ақылдасып жасаймыз, -деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Сонымен қатар, әкім егер өз қызметін дұрыс атқармаса орнынан кетуге уәде берді.

Ол жерде 30 жылдан бері тұрып келе жатқан 250-ден астам үй бар.  Сәуле ықшамауданы тұрғындардың әлі де көкейінде үйлер бұзылама деген қорқынышын бар.  Қазір кейбірі жаңа құрылыс бастауға жүрексініп отыр.

Талқылау