Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Ғаламторда шымкенттік алаяқ әйелдің ұсталғаны хабарлануда. Оны сатушы жігіт өз жспары бойынша қолға түсірді.

2798385

Желіде жарияланған видеодан әйелдің сатушыларды қалай алдап келгені анық көрсетіледі. Ол бүтін он мын теңге беретінін айтып, алдымен қайтарым ақшасын беруді сұрайды. Өзі қосымша тиын ізеген болып сөмкесін аударып-төңкереді. Сатушы назарын бұрғанда қолындағы 10 мың теңгені тығып ала қояды.

Осылайша сатушының 9000 мыңдай қайтарым ақшасын алады. Ол сатушыны алдадым деген ойда болғанымен сатушы оның құрығына түскен жоқ. Жігіт әйелдің алаяқтығын біліп алдын ала телефонын видеоға түсіруге дайындап қойған. Видеода дәлел ретінде әйелдің әрекетінің бәрі жазылып қалды. Сатушы ең соңында әйелге бергенін ақшасын қайтарып алып, өзін жетелеп әкетті. Жігіттің нақты кім екені белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Талқылау