Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сатушы дүкен ішінде кішкентай қызды азғындық әрекетке тартпақ болған

Шымкентте 19 жастағы жас жігіт ҚР ҚК 124-бабы  (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша кінәлі деп танылып, сотталды. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда іс материалдары арасында қылмыскердің кінәсін дәлелдейтін айғақтар болған.

Шымкентте сатушы дүкен ішінде кішкентай қызды азғындық әрекетке тартпақ болған

Бұл туралы Otyrar.kz баслымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кәмелет жасқа толмаған балалардың істері жөніндегі соттың төрағасы Қанатбек Қоңырбаевтың мәліметінше, оқиға Шымкенттегі азық-түлік дүкендерінің бірінде орын алған.

Жігіт дүкенге тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа орналасыпты. Сол күні дүкенге 9 жасар қыз келген. Ол сатушыдан өзіне қажетті тауарлардың қайда тұрғанын сұраған. Мұнан кейін қыз сөрелердің арасында тұрған кезде, жас жігіт оның денесіне қол жүгіртіпті.

«Іс материалдары қатарында дүкендегі бақылау камерасындағы жзаба бар. Онда жігіттің қызға тиіскені анық көрінеді. Сот оның кінәсі дәлелденгенін мәлімдеп, оған 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – дейді Қанатбек Қоңырбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау