Шымкентте сәбиін 12 жыл күткен жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты

Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты. Аяғы ауыр  әйелдің осыншама артық затты қайдан жинап алғаны белгісіз. Ауруханаға өте қиын жағдайда жеткізілген оған дәрігерлер шұғыл ота жасап, өзі мен сәбиін аман алып қалды.

Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Феруза Құлабдуллаева дертінен енді айықты. Ол туыстарымен кеше ғана кездескен. Барлығы жас ананы сәбилі болуыменн құттықтауда. Екінші сәбиін 12 жыл күткен әйел жүкті болғаны сол екен, денсаулығы нашарлай бастапты.

«Ол тас үшін неше рет жедел жәрдеммен келдім. 12 жылда көрген балам, шыдайын дедім. Қаншама шыдадым», – дейді келіншек.

34 жастағы Ферузаның бар арманы сәбиін аман-есен босану болатын. Бірақ денсаулығы қайта-қайта сыр бере бастапты. Ең соңында жағдайы нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Ауруханаға жеткенде, дәрігерлер оның өн-бойында бірнеше тас жинақталып қалғанын анықтапты. Сөйтіп шұғыл ота жасаған. Ең алдымен, кесір тілігі арқылы іштегі баланы алып шыққан. Мұнан кейін өттегі тасты алыпты. Санағанда бір емес, 50 тас шығыпты. Дәрігерлер сәл кешіккенде сәби түгілі жас ананың өзінен де айырылып қалар едік дейді.

«Бірінші кесір тілігі арқылы баласын алып, екінші кезеңде өт жолдарын ашып, өттің жүруін қамтамасыз ету бойынша ота жасалуы керек болды. Сөйтіп сондай шешімге келіп, науқастың өзіне, туыстарына айтып, бірлескен ота болды», – дейді қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шәуенов.

Дәрігердің сөзінше, науқастың өт жолы мен өт қапшығында пайда болған тастардан жүкті әйел уланып, денесінің барлығы сарғайып кеткен көрінеді. Ота кезінде оның барлығы алынып тасталған.

Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты

«Баланы түсіріп аламын ба деп қорықтым. Құдайға шүкір, аман-есен босандым. Дәрігерлерге рахмет. Мені де, баламды да аман алып қалды», – дейді жас босанған ана Феруза Құлабдуллаева.

Жаңа туған сәбиге Біләл деген ат қойылыпты. Қазір анасы мен сәбидің денсаулығы жақсы. Туыстары да біліктілігі жоғары дәрігерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ деп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар