Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сабағын дұрыс оқымағаны үшін ұлын аяусыз ұрған әйел сотталды

Ұлын ұрғаны үшін жазасын алды! Шымкентте өз баласын өлімші етіп сабаған әйел сотталды. Сабағын дұрыс оқымағаны үшін бірінші сыныптағы баласын тепкілеп тастаған Нәзира Бекбаева екі бап бойынша айыпты деп танылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкентте сабағын дұрыс оқымағаны үшін ұлын аяусыз ұрған әйел сотталды

«Қасақана дене жарақатын салғаны» және «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін» оған 5 жыл жаза кесілді. Бірақ, ол әйелдің екі жеткіншек баласы болғандықтан үкім 5 жылдан кейін күшіне енеді. Әзірше ол сот залынан босатылып отыр”, – дейді ОҚО сотының үйлестіруші-судьясы Тамара Смайылова.

Сайрам ауданында тұратын жалғызбасты әйел 6 жасар ұлын былтыр желтоқсан айында тепкілеп ауруханаға түсірген болатын. Сөйтсе, анасының ашулануына оқушы баланың сабақ оқымағаны себеп болыпты. Осыдан кейін миы шайқалып, бүйрегі зақымданған ұл ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан еді. Нәзира Бекбаеваның ұлынан кешірім сұрап, ал 8 жасар үлкен қызының жүрегі ауыратынын ескерген сот оны аналық құқығынан айырған жоқ. Қазір 37 жастағы жалғызбасты ана екі баласымен туыстарының қолында тұрып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Таразда медресе шәкірті 5-қабаттан секірмек болған студент қызды ажалдан арашалады

Оралда мектеп мұғалімі концерт қойып жатқан кезде сахнада көз жұмды

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

Құрылыс алаңына баласын тастап кеткен оралдық келіншек сәбиін қайтарып алатын болды

Талқылау