Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицейлер анаға өзі тастап кеткен баласын қайтарды

Шымкентте оғаш оқиға болды. Жас әйел жеті жасар қызын саябақта қалдырып кетіп қалды. Қыз бала саябақтағы орындықта қанша уақыт отырғаны белгісіз. Бірқатар уақыттар өткесін қыз жылай бастады.

20160611031946

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Жас адамдар жылап отырған баланы көріп, полицияға телефон шалды. Технопаркке Әл-Фараби АІІБ полицейлері келді. Олар қызды АІІБ-іне алып кетіп, бойкүйез ананы іздеуге кірісіп кетті.

Әлден уақытта әйел әйтеуір табылды.

“Мен оны отырғышқа отырғызып, етікшіге кеттім. Қыздың аяқ киімі жыртылып қалды. Ол бұдан әрі жыртық аяқ киіммен жүре алмайтын болды. Оны жарты сағатқа қойып кеттім, одан көп емес”, – деп ақталды әйел полицейлерге.

Баланы біреу ұрлап кетер, немесе оның қызыма біреулер зиян келтірер, деп қорықпадың ба?- деген сұраққа:

“Ол не дегеніңіз? Кім ұрлайды? Мен тез келмекші болғанмын”, – деп жауап қайтарды.

Полицейлер әйелге ата-аналық міндеттерін түсіндірді және ендігәрі бұлай қараусыз қалдырмауды тапсырды. Әйел түсініктеме жазып, полицейлерге алғысын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында сәбиін қоқысқа тастаған ана оны өлтіргісі келмегенін айтады

Мәскеуде қолына бір жарым жасар сәбиін ұстаған әйел 8-ші қабаттан құлап кетті

Жамбыл облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен ана сотталды

Сәбиін әжетханада туып тастап кеткен келіншек елден кешірім сұрады

 

Талқылау