Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицейлер 17 жастағы бозбаланы жабылып ұрып, аяусыз соққыға жықты (видео)

Оқиға 1 тамыз күні Шымкенттегі Суриков көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында болған. Полицейлер тқрғындардың көзінше 17 жастағы бозбаланы өлімші етіп сабаған.

Безымянный

Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.

Тұрғындар бастапқыда жасөспірімді жабылып ұрған бұзақылар деп ойлаған. Кейіннен олардың тапсырма орындаушы полицейлер екенін білген.

«Азаматтық киіммен жүрген полицейлер арнайы ұстау операциясын жүргізген екен. Жарақат алған баланың жағдайы сол арада нашарлай бастады. Қырық шақты адам жиналып айнала тұрдық. Ешнәрсе істей алмадық», – дейді Әбдімәжит Ашурметов.

Басқа куәгерлердің айтуынша, баланың басы бетонға соғылып, жарылған. Бұл көріністен кішкентай балалар шошынып қалған.

Кей деректерге сүйенсек, полицейлер баланы шын күдіктімен шатастырып алған.

Жіберіп алмаңыз:

Оқушылардың педофилді аяусыз ұрып өлтірген сәті жазбаға түсіп қалған (видео)

ШҚО-да ұрылар кәсіпкердің жақындарын аяусыз ұрып ақша талап еткен

СҚО-да әйелін қызғанған күйеуі 6 айлық қызын аяусыз ұрып тастаған

Талқылау