Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицейлер үш жігіт отырған көліктен қару тапқан

Полицейлер 20 жастағы күдіктінің сөмкесінен 12 калибрлі “Виттер” маркалы винчестер қаруын тапқан. Көлік ішінде 1994, 1995 жылғы үш жігіт болған.

10640551

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылдың 26 желтоқсанында түнгі уақытта жол полицейлері облыс орталығының көшелерінің бірінен “ВАЗ-21014” маркалы көлігін тоқтатқан. Олардың біреуі полицейлерді көрген кезде тығылмақшы болған.

Істің анық-қанығын тексеру үшін полицейлер жігіттерді әл-Фараби полиция бөліміне жеткізді. ҚР ҚК 278 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Күдіктілердің заттары алынып, олардан ешқайда кетпеуі туралы қолхат жазылып алынды.

Талқылау