Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицейге тіл тигізген тұрғын 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді

Шардара ауданының тұрғыны полицейге тіл тигізгені үшін сот шешімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

111

Шарадара аудандық соты айыпталушы А-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚР Қылмыстық кодексі 378 бабы 2 бөлімі бойынша кінәлі деп табылған.

Айыпталушы А. Шардара ауданы, Ұзын-ата ауылы маңында учаскелік инспекторға тіл тигізген. Ол сәтте полиция майоры С. өзінің қызметтік міндетін атқарып жатқан. Осылайша сот үкімімен оған 100 сағат қоғамдық жұмыс атқару міндеттелді.

Сот үкімі әлі күшіне енбеді.

Талқылау