Шымкентте полицей ұрыны ұстау үшін аязды күні өзеннен жүзіп өткен

Дүйсенбі, 28 Желтоқсан , 2015 15:45

Шымкентегі әл-Фараби полиция бөлімінің жоғарғы лейтенанты уақытты ұту үшін және күдіктіні қолға түсіру мүмкіндігін жіберіп алмас үшін жолды күзетке қойып, өзі аязды ауа-райына қарамастан өзенді жүзіп өткен.

10633161

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Кезекті түнгі тексеріс кезінде әл-Фараби бөлімінің жедел іздестіру тобының қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінің бойында өздерінен жасырынған күдіктіні байқап қалған. Сосын күдікті тығылған аймақты іздей бастаған.

Әл-Фараби полиция бөлімінің жоғарғы лейтенанты уақытты ұту үшін және күдіктіні қолға түсіру мүмкіндігін жіберіп алмас үшін жолды күзетке қойып, өзі аязды ауа-райына қарамастан өзенді жүзіп өткен. Сөйтіп, тінту жұмыстарын жалғастырған. Соның арқасында ол ғимараттың бірінде жасырынған күдіктіні ұстаған. Полицей ғимартқа жақындап, оның өз еркімен берілуін сұраған.

Ұсталған жігіт 1997 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Оның автокөліктерден қымбат заттарды ұрлау ісімен айналысқаны белгілі болды. Оның өзімен бірге жүрген ұрлаған заттары бары анықталды. Осы іске қатысты оның 1996 жылғы істес адамы да ұсталды.

Тергеу барысында ұсталғандардың тонау ісіне және өзгенің көлігінен заттарды ұрлауға қатысты 5 қылмыстық іске қатысы бары анықталды. ҚР ҚК 188 және 191 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар