Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте педофил деп айыпталған әкені қызының салған суреті ақтап шықты

Сот өз қызына жыныстық мәндегі қысым көрсетті деп күдік тудырған әкені айыптамады. Енді ол өзінің әкелік құқығы үшін күресе алады.

шщгдн

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Сот процесі ауанының өзгеруіне, бес жасар қыздың салған суреті себеп болған көрінеді.

“Психологтар үш түрлі тақырып берген. Біреуі үйіндегі ең сүйікті бөлмесі туралы. Менің қызым психологтардың көзқарасы бойынша фаллос деп аталатын сурет салды. Кейінірек, оның аспалы электр жарығы екенін білдік. Зерттеу жүргізген кезде қызым да оның аспалы шам екенін айтты”, – дейді ер адам.

дл

Оның сөзінше, ол 2015 жылы әйелінің өзге біреумен жүретініне байланысты ажырасып кеткен.

“Ажырасқаннан кейін бес ай өткен соң, шамамен 2015 жылдың қазан айы кезінде маған әйелімнің туыстары хабарласып, қызымның үш аптадан бері балабақшаға бармайтынын айтты. Мен әйелімнің баланы неліктен бақшаға апармай жүргенін анықтамақ болдым. Сөйтсем, әйелім түннің бір уақытына дейін сүйіктісімен қыдырады екен. Сосын үйге түнгі 2-3-терде келіп, ертеңіне түске дейін ұйықтайды. Мен қызымды балабақшаға апару үшін, енеме хабарласып оны өзіме алғым келетінін айттым”, – дейді ол.

“Телефонмен сөйлескен кезде әйелім: “Маған кедергі келтіретін болсаң, сені түрмеге отырғызамын!” деді. Екі күн өткен соң ол мені қызына жыныстық қысым көрсетті деп полицияға арыз түсірген. Осылайша ол мені қызыма қарсы қылмыс жасады деп айыптады. Оның айтуынша мен соңғы үш жыл бойы қызыма қысым көрсетіп келіппін. Осыдан соң-ақ, мен зерттеулер жасаламын дегенше тұтқында отырдым. 2016 жылы ақпан айының соңында мен айыпсыз деп танылып, сот залынан босап шықтым”, – дейді ол.

Енді әкесі қызды бұрынғы әйелінен өзіне қайтарып алғысы келеді.

“Мен бұрын оны тек қорқытқым келсе, енді қазір қызымды өзіме түбегейлі алып алғым келеді. Жақын арада біз ажырасуды рәсімдейміз. Содан соң барлық құжаттар дайын болған соң, мен әрі қарай қадам жасаймын. Ал әйеліме емделу керек. Ол қызымды неше түрлі сараптамадан өткізіп қинады”, – дейді әке.

Талқылау