Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте педофил 19 жылға сотталды

Шымкентте 38 жастағы педофил ең жоғарғы шектегі мерзімге сотталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық соты күдікті Рахымжан. Д-ға қатысты істі қарады.

имасв

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

38 жастағы Рахымжан. Д. кәмілеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен айыпталған. Айыптаушы прокурор күдіктіні 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда барлық дәлелдерді негізге алған сот айыпталушыны 19 жылға бас бостандығынан айырды.

Осылайша судья Әбсаттар Шахидиновтың шешімі бойынша айыпталушы 19 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ, ол кәмілеттік жасқа толмаған балаларға білім, тәрбие беру саласына қатысты жұмыстармен айналысудан өмір бойына шектелді.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Талқылау