Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шымкенттік Хатико” аялдамадан иесін күтіп жүр

Шымкентте көңілсіз көріністі тұрғындар бірнеше күннен бері бақылап отыр.

IMG-20161105-WA00032222-696x638

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Жалғыз ит “Восток” ықшамауданын мекендеп, әр автобусты қарсы алып, шығарып салып тұрады. Адамдарға қараған жанары мұңға толған ит, біреуді іздейтін секілді.

Ықшамаудан тұрғындары бұл итті күнде көреді. Жүрегі жомарт жандар оны тамақтандыруға тырысқанымен, ит одан бас тартқан. Ал қалалықтар болса итті мамандар атып тастай ма деп уайымдауда.

Жұрт “Хатико” деп атап кеткен ит, адамдарды қаппайды, өте тәртіпті. Сыртқы көрінісінен оның асыранды үй иті екені байқалады.

Талқылау