Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өзін зорлаған жігіттерден қашпақ болған қыз екінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте өзін айуандықпен зорлаған жігіттерден қашпақ болған қыз екінші қабаттан құлап кетті. Оқиға – Жангелдин көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде болған.

Бұл туралы «Еуразия» арнасының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Арам ойын іске асыруды ойлаған жігіт бойжеткенді алдап кездесуге шақырған. Кейін қызға естен тандыратын дәрі беріп, оны зорлаған көрінеді. Көп ұзамай пәтерге тағы қос жігіт келген.

Бойжеткеннің айтуынша, ол есін жиған кезде жігіттердің аяусыз қорлағанын білген. Сол кезде олардан қашпақ болып, терезеге ұмтылады. Мұның бұл әрекетін сезген жігіттердің бірі “өзім-ақ өлтіре саламын” деп жұлқылапты. Әзірге бойжеткен екінші қабаттан өзі секірді ме, әлде басқалар итеріп жіберді ме белгісіз. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, істің мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

ШҚО-да бір үйден 7 адам ыс тиіп ауруханаға түсті

Астана тұрғыны Алматы облысының полициясымен төбелесіп, көлігін соқты

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберді

Талқылау