Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өзен-көл жағалауында тұратын халық үреймен күн кешуде

Шымкенттегі биылғы қыстың  жылылығы кей тұрғындардың мазасын қашырды. Әсіресе, су арналарының жанында өмір сүретін тұрғындар жаңбырлы күндері үйлерін тастап кететіндерін айтады.

P1110965

Мән-жайды Stan.kz сайтының ОҚО-дағы тілшісі аныұтап қайтқан болатын.

19

Тұрғындар күн райын қадағалап, жауынды күні күндіз-түні су деңгейін қарауылдауға мәжбүр екендерін айтады. Ал, билік басшылары мұндай күйге түсуіне  халықтың өзін кінәлайды.

14

Шымкент қаласының тұрғыны Марина Лорионова биылғы жаңа жылда бөтеннің босағасын паналауға мәжбүр болыпты. Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан бала-шағасы мен төсек тартып жатқан қарт анасын құтқара алмаймын деген қауіппен үйін уақытша тастап кеткен екен.

17

«Су тасыса қайда барып қашатынымызды білмейміз. Үйдің асты тола су. Ішіне кіргізуге ұялып тұрмын. Адам қорқады. Қабырғасы судан іріп шіріп кеткен. Үйдің фундаменті отырып, үгітіліп жатыр ал даладағы дәретхананы жауып тастадым. Су басып қалды», – дейді Марина Лорионова.

8

Су арнасына  жақын орналасқан бұл үйлердің тұрғындары жылдар бойы үрей құшағында күн кешуге мәжбүр. Айтуларынша, суды ешкім тазаламайды. Жұрт жиналып, өз күштерімен каналдағы қоқысты сыртқа шығарады екен. Соңғы кездері толассыз жауған жаңбырдан соң, үйдің ішіне дейін су алып кеткенін айтады.

7

«Жиырма жылдан бері көрген қорлығымыз осы», – дейді осы аумақта тұратын Айман Жайлаубаева. Күз бен көктемді үреймен күтетін тұрғындар билікке үміт артуды қойғанын айтады. Құжаттары мен құнды заттарын үнемі қол астында ұстап, үйді тастап қашуға дайын жүреміз деп қынжылады қала тұрғыны. Айтуынша, үйін сатуға бел буғалы бірнеше жыл болыпты.

10

«Үйді сатудан шаршадық. Ешкім алмайды. Жыл сайын жөндеп, қабырғадағы тесігін жамап әлекпін. Есіктің алдына егін еге алмаймыз. Қазсаң су шығады. Үйдің қабырғасы қайысып, көгеріп кеткен. Әбден азап көріп жатырмыз. Қала басшылығы су арнасын жаппай жақсылық жоқ», – дейді Айман Жайлаубаева.

18

19

Билік басшылары бұл арнаны жабу мүмкін емес деп отыр. «Шымкент су арнасы» сонау елуінші жылдары соғылған. Жер асты сулары мен ағын суларды қаладан тазартатын арнаны арнайы қызмет өкілдері толассыз тазартып, қадағалайды дейді ақ жағалылар. Ал ондағы үйлер арнадан 10 метр қашықтықта салынуы тиіс.

P1110959

13

«Каналға жабыстырып заңсыз үй салған тұрғындар өздерінен көрсін. Оларға талай рет ескертілген. Канал жабылса бүкіл қаланы су алады. Сондықтан мұндай шағымдарын қала әкімдігіне жазсын. Арна әкімдік құзырында. «Шымкент су арнасы» жылына бірнеше рет күрделі тазалаудан өтеді. Бірнеше жыл бұрын бетондалды», – дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов.

P1110967

P1110956

Қаланы қақ жарып жатқан Қошқар ата өзенінің жағалауын мекен еткен халық та соңғы күндері қамданып әлек. Ондағы жұрт өңірде төтенше жағдай жарияланғалы қораларын қымтап, тілсіз жаудан сақтануға өздігінше кіріскен.

11

Осы күндері ОҚО-да төтенше жағдай жарияланды. Әсіресе, таулы аумақтарда толассыз жауған жаңбырдан өзен-көлдер арнасынан асып кету қаупі бар. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жағдайдың бақылауда екенін хабарлайды. Айтуларынша, қаладағы арық-атыздар тазаланып, су қоймаларындағы су деңгейі тәулік бойы қадағалануда екен. Оңтүстікте желтоқсан айы мен жаңа жылдың басы жауын шашынды болды. Кей жерлерде күн +15 градусқа дейін жылыған.

16

44

5

6

3

Талқылау