Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өз қызын зорлады деп айыпталған ер адам сот залынан босатылды

Өзінің туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам сот залынан босатылды. Анасы күдіктенгеннен кейін дереу полицияға хабарласқан. Алты жастағы қызбен псхиологтар сөйлесіп, жағдайын дәрігер-гинекологтар тексерген. Бірақ, сот қыздың әкесін кінәсіз деп таныған.

9+955

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Әйел өткен жылдың соңында құқық қорғау органдарына аталған дерек бойынша хабарласқан еді. Тәртіп сақшылары өтінішті қабылдап, іске психологтар араласқан. Олар қыздың мұңайып жүргенін айтқан. Олар әкесінің зорлығы бір емес бірнеше рет қайталанған болуы мүмкін деген болжам айтады.

“Мен оның әкесінің алдында қорқатынын байқадым. Сосын мен қызымнан сұрағанымда, ол айтып берді. Менің түсінуім үшін оның бір ғана сөзі жетіп жатты. Мен өз сүйген адамымның сонжай жиіркенішті екенін ұқтым да, дереу полицияға хабарластым”, – дейді қыздың анасы.

Қыз олар үйде оңаша қалғанда әкесінің неше түрлі әрекеттерге баратынын айтты. Олардың ойыны бойынша қыз тығылып қалып, ал әкесі оны іздеу керек болған. Ол қызды әр тығылған сайын тауып алып, өз қалағанын жасатады екен.

Анасының қолында қыздың бұл сөздерді ойдан шығармағанын айғақтайтын бірнеше сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшы-гинекологтар, бұл жағдайды таза “жыныстық зорлық көрсетілді” деп анықтай алған. Сот процесі жабық режимде өтті. Бірнеше дәлелдер, қыздың өзінің айтып беруі, сараптама нәтижелері болса да сот кінәсіз деген үкім шығарған.

“Сотта қызым айтып берген кезде сол залдағылардың бәрі жылады. Үкім оқылған кезде де. Бәрінің еңселері түсіп кетті. Олар қалайша оны кінәсіз деп тапты?”, – дейді ашуланған ана. Сот үкімі тек қыздың анасын ғана таңқалдырмады. Сот шешіміне құқық қорғаушы органдар мен әйелдің адвокаты да таңқалған.

32

“Бұл сот процесінде түсініксіз жағдай орын алып отыр. Екінші тыңдалымда ғана сот айыпталушының алдына сұрақ қойды. Сот тергеуі кезінде өрескел ереже бұзылғаны анық”, – дейді зардап шегуші тараптың адвокаты Илья Погребняк.

Қазір анасы қызымен бірге достарының жанында тұрып жатыр. Күйеуінен қатты қорыққандықтан тіпті көшеге де шықпайды. Ал қыздың қалпына келуі үшін ұзақ уақыт керек. Психологтар әкесінің жасаған зорлығы қыздың санасында ұзақ жылдар сақталып қалуы мүмкін дейді.

Талқылау