Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өрт сөндірушілер мысықты құтқарып қалды (видео)

Шымкентте өрт сөндірушілер құтқарып қалған мысық көпбалалы екен.

ыммы

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі жалын ортасында қалып кеткен мысықты құтқарған. Рокси есімді шотландиялық тұқымды мысық осыдан бірнеше күн бұрын ғана бес мысықты өмірге алып келіпті.

Шымкенттік құтқарушылар оның балаларын да түтінді үйден алып шыққан.

“Мен өрттің неден, қалай шыққанын білмеймін, өйткені ол кезде жұмыста болған едім. Менің Роксиімді құтқарып қалған өрт сөндірушілерге үлкен алғыс айтамын. Қазір мысықтың да, балаларының да жағдайы жақсы”, – деді қожайыны Татьяна Кабакова.

vlcsnap-2016-10-12-13h45m43s209

Өрт көпқабатты тұрғын үйде 12 қазан күні күндіз болған. Куәгерлердің айтуынша әуелі Coton дүкенінің шатыры жанған, сосын өрт пәтерге қарай таралған.

Тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт сөндірушілер әр пәтерге жеке-жеке кіріп, адамдардың қауіпсіздігін тексеріп шыққан.

Талқылау