Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқушылар аулада тұрған көлікті айдап әкеткен

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне  «Отырар» шағын ауданының 26 жастағы тұрғыны көлігін айдап әкеткені туралы хабарлады. Ол белгісіз біреулер оның «Опель-вектра» көлігін ауладан айдап әкеткенін айтты.

20151204201208

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2001 жылы туған екі жеткіншек көлікті айдап әкетті деген күдік бар. Полицейлер күдіктілерді ұстады. Оқушылар көлікті қаланы аралап жүру үшін айдап әкеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айғақ зат ретінде көлік тәркіленді, жеткіншектер ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жіберілді.

Талқылау