Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқушыдан электрошокер табылды

Шымкентте Маңгелді көшесінің бойындағы мектептің спорт алыңында ересек баланың қолында электрошокер ұстап бара жатқаны анықталды.

Untitled-9

9 желтоқсанда құқық тәртібін сақтаушылар жедел-профилактикалық шара өткізген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шара барысында Абай ауданының ювеналды полиция қызметкері Маңгелді көшесінің бойындағы мектептің спорт алыңында ересек баланың қолында электрошокерге ұқсас заттың барын байқап, ұстап алған.

Тексеру барысында 14 жастағы жасөспірімде жұмыс істеп тұрған электрошокер анықталып, тәркіленді.

Оқушының айтуынша, ол құрылғыны көшеден тауып алған екен. Жағлайдың анық-қанығын білу үшін оқушыны Абай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерге баланың ата-анасын шақырып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 287 бап «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлау, заңсыз түрде табу, сақтау, жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Untitled-10

 

 

Талқылау