Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Нұрсұлтан есімді 100 бала “Нұрсұлтан ата” әнін шырқады (фото, видео)

Шымкентте Нұрсұлтан есімін иеленген 100 бала президентке арнап “Нұрсұлтан ата” әнін шырқады.

13495080_1006213866161619_6810568232287319905_n

Бұл туралы ОҚО әкімдігінің фейсбуктағы парақшасында жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Астана күні мерекесі қарсаңында бірнеше игілікті шараларды жүзеге асыруда. Жуырда ғана бірнеше әлеуметтік нысан жұртшылықтың пайдаланылуына беріп бір қуантқан еді. Осы ретте облыс орталығында “Жан жүрегім – Астана!” атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Жиынға облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов та қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.

13590391_1006213876161618_3591800692440978011_n

“Осы ширек ғасыр ішінде еліміздің 18 жылдық тарихы – Астана атауымен тікелей байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру елімізді барынша нығайту және қарышты дамыту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Президент пен қазақстандықтардың ерен ерік-жігерінің арқасында әлемдегі таңдаулы астаналармен сәулет жағынан бой теңестіре алатын осы заманғы озық мегаполис қалыптасып келеді”, – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

13599881_1006213882828284_6658152048446665295_n

Іс-шара аясында «Астанаға арнау» поэтикалық композициясы оқылып, сахнаға Нұрсұлтан есімді 100 бала шығып, «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Сондай-ақ, думан соңы еліміздің эстарада жұлдыздарының әсем әніне ұласты.

Талқылау