Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте нан бағасы қымбаттап кетті

Шымкентте әлеуметтік нанның бағасы 10 теңгеге қамбаттады. Өңірде нан бағасы соңғы рет 2 жыл бұрын тамыз айында теңгенің құнсыздануы кезінде көтерілген еді.

Шымкентте нан бағасы қымбаттап кетті

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Әкімдік бұл салада субсидия беріп, бізге бағасы арзан әлеуметтік ұн берген еді. Бұл істі қайта қолға алса, нан бағасын бір деңгейде ұстаймыз, тіпті, арзандауы мүмкін», – дейді «НАН Ассоциациясы» АҚ төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев.

Айта кетсек, Шымкенттегі нан бағасы еліміз бойынша ең төмен еді. Бұған дейін 50 теңге болған екінші сұрыпты ұннан пісірілген нан ендігі 60 теңгеден сатылатын болады.

Белгілі болғандай, нан бағасы Қызылордада да 45 теңгеден 50 теңгеге өскен. Алдағы уақытта Оралда да ас атасының бағасы қымбаттайды деп болжануда. Өндірушілер мұны ұнның көтерме бағасының келісі 66 теңгеден 95 теңгеге өсуімен байланыстырып отыр. Сондықтан алдағы уақытта макарон өнімдері де қымбаттауы мүмкін.

Дастархандағы ең басты өнім қымбаттағаннан кейін, өзге де тағамдық өнімдердің бағасы қымбаттауы ықтимал. Тәжірибеде байқалғандай, барлық тауар мен қызмет түрлерінде бағаның көтерілуі байқалуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау