Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мұнай өнімдерін қолды қылған деген күдікпен қаржы полицейлерінің ісі сотта қарастырылып жатыр

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің екі бірдей қызметкерін қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасын қабылдады. Аса ауыр қылмыс санатына жататын істің үшінші күдіктісі іздеуде.

P1120029

Бұл туралы stan.kz-тің ОҚО тілшісі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Шымкенттегі Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (қаржы полициясы) лауазымды қызметкерлерін құрықтады.

22

Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және қызмет бабын теріс пайдаланған деген айып тағылды. Департаменттің лауазымды қызметкерлерінің қорғаушылары айыптың негізсіз екеніне сенімді.

P1120029

Қызмет бабын теріс пайдаланған деген күдікпен департаменттің аға тергеушісі екі ай мерзімге қамауға алынды. Ол өткен жылдың қазан айында Павлодар – Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлаған қылмыстық топты әшкерелеу жөніндегі істі тергеген екен. Аталмыш топтың үш мүшесіне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр.

4

Сот барысында белгілі болғандай, куәгер тарапынан оқиға болған жерден істе көрсетілгеннен үш есе көп мұнай өнімдері қолды болғаны анықталған. 4 көлік мұнай тәркіленген деген қылмыстық істе, қосымша жеті көлік шикізат анықталған, делінді сот отырысында.

7

Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған аға тергеушінің қорғаушысы бұл айыппен түбегейлі келіспеді. Айтуынша, бұл айыптар дәлелін таппаған.

3

Аталмыш депарменттің аса маңызды істері жөніндегі аға офицері осы ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деп қолға түсті. Оған ҚР ҚК 262 бабы (3) және 361 бабы (4) бойынша айып тағылып отыр. Күдіктінің қорғаушысы бұл айыпты «ақылға қонымсыз» деп атады.

20

«Ол оперативті қызметкер. Өзі бірнеше ай бойы айналысып, қылмыстық топты өзі қолға түсірген офицер қалайша сол топты құрған болып есептеледі? Бұл мүлдем ақылға сыймайтын жайт», – деді адвокат Сапар Әміртаев.

Күдіктінің кәмелет жасқа толмаған мүгедек ұлының барына байланысты, қорғаушы оның тергеу барысында үй қамауда болуын сұраған болатын. Алайда істің аса ауыр қылмыс санатына жататынына байланысты, сот сұранысты қабыл алмады. Екі лауазымды қызметкер 5-наурызға дейін абақтыға қамалды. Олардың өзінің өкілдігін пайдаланып, қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен және бұл үшін ірі көлемде ақшалай сыйақы алғаны жайлы айыптар осы уақыт ішінде анықталмақ.

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы қылмыстық топтардың баю көздерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары қылмыстың бұл түрі көбейгенін айта кету керек.

Талқылау