Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мұғалім болған әйел бірнеше ай бойы аялдамада түнеп жүр

Шымкентте Елена есімді әйел бірнеше ай бойы аялдаманы паналап жүр. Барар жоқ екенін айтқан әйелдің сөзінше, пәтерін жалдап тұрған адамдар оны үйінен қуып шығыпты.

Шымкентте мұғалім болған әйел бірнеше ай бойы аялдамада түнеп жүр

Бұл туралы Otyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еленаның айтуынша, бұрын тарих пәнінен мұғалім болған ол бірнеше мектепте жұмыс істепті. Ол тұрмыста болып, бірнеше баланы дүниеге де әкелген. Алайда күйеуі тастап кеткен екен. Артынша одан балалары да бас тартыпты.

Еленаның бірнеше ай бойы аялдамада түнеп жүргенін сол маңдағы дәмхана қызметкерлері байқаған.

«Біз бұл кісіге тамақ ұсынып көрдік. Тамақты алады. Алайда ішімдіктен бас тартады. Біз бұған дейін бірнеше рет полиция қызметкерлерін шақырған болатынбыз. Олар алып кетеді де, келесі аялдамаға апарып түсіреді. Ал жедел жәрдем қызметін шақырғанымызда, Ленаның құжаттары жоқ болғандықтан олар алып кетуден бас тартты», – дейді дәмхана қызметкері Ольга Кребцова.

Сол жерге шақырылған елгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері Еленаны орталыққа алып кетті. Онда әйелге ем-дом жүргізіліп, көмек көрсетілетін болады.

«Орталықтың телефон нөмірі 50-56-98. Күндіз-түні хабарласуға мүмкіндік бар бізде. Дезинфектор маманымыз жұмыс істейді. Барған бетте алдымен шомылдырады. Басқа киім-кешек береміз оларға», – дейді әлеуметтік маман Тастанбеков Өтжан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау