Шымкентте мемлекеттік-жеке серіктестік аясындағы алғашқы түрме құрылысы басталмақ

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 18:53

Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Шымкентте жаңа түрме салынбақ. Түзеу мекемесі 1500 орынға лайықталған.

rge

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Ғимарат құрылысы 2017 жылы басталады деп жоспарлануда. Жоба қазірдің өзінде мақұлданған. Ертеректе Қазақстандағы “жеке түрмені” қытайлар салуы мүмкін деген ақпарат шыққан. Ал бұл жобаға француз және неміс компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Мекемені ЕВРО-стандартқа лайықтайтын басты инвестор конкурс нәтижесінде анықталмақ. Егер бәрі ойдағыдай шықса, онда 2017 жылдың басында келісім-шартқа да қол қойылмақ. Мемлекет өз тарапынан жер беріп, инфрақұрылым мәселесін шешіп береді. Шетелдік компаниялар жаңа колонияны өз қаржыларына тұрғызады. Бірінші кезекте бұған инвесторлардың өздері қызығып отыр.

Осыған ұқсас түзеу мекемелері Қазақстанның бес облысында салынбақ. Аталған мекемені салуға жер телімін алу үшін, облыс басшылықтары анықтау жұмыстарын бастап кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар