Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы қызды алып қашқан Түркістан азаматы сотталды

Шымкентте 44 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны сотталды. Ол жаз айының басында үйленбек ниетпен мектеп оқушысын алып қашқан болатын. Қызды алып қашуға оның екі досы көмектескен. Олар да ұзақ мерзімге қамауға алынды.

5d763840b3d9812faa4f12f8377c2919

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Алып қашқан қыз сол оқиғаны әлі күнге дейін қорқынышпен еске алады. 11-сынып оқушысы сабақтан қайтып келе жатқанда, оны үш ер адам қинап көлігіне салып әкетеді. Сосын оны қонақүйге апарады. Сол жерде үшеуінің бірі оған көңіл білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды.

44 жастағы бойдақ азамат оқушы қызды зорлықпен төсек қатынасына көндірмекші болады. О осылай жасау арқылы бар мәселе шешіледі деп ойлайды. Алайда, таңертең қыз қайтадан Түркістанға қашып кетеді. Оның ата-анасы полицейлерге хабарласқан. Қызды алып қашқан үш азамат ізін суытып үлгерменген, екі ай уақыттан соң құрықталған.

Үшеуіне де «Адам ұрлау» ісі бойынша айып тағылды. Ал, күйеужігіт кәмілетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша да жауапқа тартылды.

Сот отырысында айыпталушы қызға сізімін білдіріп қоймады. Алайда, ол 12 жылға, екі жолдасы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Талқылау