Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мектеп оқушылары сыныптастарын аямай соққыға жығып тастады (видео)

Шымкентте мектеп оқушылары өзінің сыныптасын аямай соққыға жыққан. Куәгерлер болған жағдайды видеоға түсіріп алып, интернетке жариялап жіберген. Сөздеріне қарағанда куәгерлер оқиғаға қатысушылардың құрдастары екен.

вмвмвмвм

Видеодағы жазбада оқиғаның №12 орта мектебі туралы айтылады. Ал оқиға шамамен Жеңіс саябағы аумағында өрбіген. Бейнежазба 6 сәуірде интернетке түскен. Мектеп оқушыларынан құралған топ бір оқушының ізіне түсіп, ұрып, тепкілеген.

Телефонға түсіріп тұрған балалар оқиғаға қатысты сөйлеп, бейәдеп сөздерді де пайдаланған.

Талқылау