Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте медбике қыз жедел жәрдем көлігін өзі итерді (видео)

Әлеуметтік желіде медбике қыздың оталмай қалған жедел жәрдем көлігін өзі итергені түсірілген видео тарап кетті.

840701_01

Видеодан жедел жәрдем көлігінің тұрғын үйлердің ауласында оталмай қалғанын көруге болады. Медбике қыз көлікті бір өзі соңынан итере жөнелді. Видеоны жоғарғы қабатта тұрған адам түсірген. Айналасында адамдар жүргеніне қарамастан медбикеге ешкім көмек көрсете қоймады.

Желі қолданушыларының бірі медбикеге алғысын жаудырса, енді бірі сапасыз көлікті сынға алды. Жедел жүруі тиіс болған көліктің ақауының алдын алу керегін айтты. Кейбірі видеоға түсірушінің қызға көмектеспегенін айтып, өзін сынады.

Жіберіп алмаңыз:

Анасынан зәбір көрген үш жасар Айлиннің әпкесін әкесі алып кетпек

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып өлтірді (видео)

Мұрынсыз туылған сәбидің қылығы көптің жүрегін елжіретті (фото)

Талқылау