Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мас әйелдер сауна әкімшісін шанышқы, пышақпен жарақаттады

Түнгі уақытта саунаға келген қонақтарынан зәбір көрген  шымкенттіктер  полициядан көмек сұраған. Шанышқы мен пышақ ұстаған екі келіншек сауна әкімшісіне тап берген. Абырой болғанда қорғанған әйелдер ауыр жарақат алмаған. Дегенмен терілері сырылып, жеңіл жарақат алған.

дәрігер

Бұл туралы  TVK арнасы жазды.

Жәбірленушінің сөзінше ол өзінен  танысына хабарласып, қарызын қайтаруды талап еткен. Әйелдер тура сол уақытта көңіл көтеріп отырса керек, бірден асхана заттарымен қаруланып, мазасыз налған әйелді жұмыс орнында жазалауға келген.

«Олар келген кезде қатты мас болды. Көріп тұрғаныңыздай аяғымды пышақпен жарақаттады. Ал көзіме шанышқысын тықпақшы болды. Әрең қорғанып қалдым. Қараңыз ізі де бар»,-деп шағымданған жәбірленушінің бірі полиция қызметкерлеріне.

Тәртіп сақшылары танысына суық қарумен шабулдаған екі әйелді  полиция бөлімшесіне алып кетті.

 

 

Талқылау