Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте күдікті өзін ұстап бермек болған полицейді бірнеше жерінен пышақтап тастады

Шымкентте полицей күдіктінің қолынан зардап шекті. Алайда жараланғанына қарамастан күдіктіні қолға түсірді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер автотұрақтан күдіктілерді көріп, жағдайды тексермек болады. Алайда күдіктінің бірі жасырынып қалады. Полицей оның ізіне түсіп, қуа жөнеледі. Күдіктіні ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, полицейді бірнеше рет пышақтап жібереді. Полицей жараланғанына қарамастан бірнеше күрес әдістерін жасап, қылмыскерді қолға түсіреді.

Жаралы полицей қалалық емханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Іс “құқық қорғау органы қызметкерлеріне, арнайы мемлекеттік орган мен әскери қызметкердің өміріне қауіп төндіру” бабы бойынша қаралып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау