Шымкентте қымбат көлікті той кортежінің тайраңы жұрттың наразылығын туғызды

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 14:02

Тізілген он шақты қымбат көлік ереже бұзып, орталық көшелерде өзге жүргізушілерге жол бермей қойған. Жалпы, Шымкентте той болса лимузин жалдап, артына ондаған машинамен бірнеше сағат тек көше аралау жазылмаған заңға айналған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бірақ, сол кортеж көбіне көшеде өзгелерге едәуір қиындық тудырады. Әсіресе демалыс күндері қаланың орталық жолдарымен жүру мұң болды деген жүргізушілер полицейлерге мұндай бассыздықты тоқтатсын деп талап етіп отыр.

“Жолдың бәрін жауып тастайды. Осы 4 жолақ болатын болса төртеуінде де жүреді.Төртеуін де жауып тастайды. Кортеж. Осы жолда ирек қылып, қорқасың осы. Басып озуға қорқасың. Ішіп алған біреу болса бітті. Сенің өмірің қауіп-қатердің тура ортасында”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Мақсат Жақсыбайұлы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар