Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қылмыскерді қуған полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кетті

Кешкі мезгілде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жеңіл көлік жүргізушісі полицейлердің талабына бағынбай өте шыққан. Артынан қуа жөнелгенде «Лада» темір бағанға соғылыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

1450935220_skor600_default

Сурет timeskz.kz

Ал соңынан қуып келген полиция экипажы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 35 жастағы жігітті соғып, ұшырып жіберген. Қазір ол хал үстінде жатыр.

Оқиға кешкілік Шымкент көшелерінің бірінде болған. Полицейлерден қашқан «Приора» бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, бағанаға соғылыпты. Ал, соңынан тақап қуып келе жатқан полицейлер соққыдан қашпақшы болғанда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткен. 35 жастағы жігіт оңбай жараланып, өмір мен өлім арасында жатыр.

Жарақат алған азаматты алып кете сала оқиға орнына жиналған туыстары мен достары полицейлермен шекісіп қалды. Олар күл паршасы шыққан полиция көлігін эвакуатормен алып кетулеріне қарсылық көрсетті.

Қызметтік көліктің тізгінінде болған 29 жастағы сержант пен оның жанындағы екі полицей қазір жұмыстан шеттетілді. Осы жәйт бойынша әзірше қылмыстық іс қозғалған. Ал, Приора жүргізушісі іздеуде.

“Қаққаннан кейін медициналық бірінші жәрдем беріп жатқан кезде «Приора» көлігінің жүргізушісі оқиға болған жерден бой тасалап үлгерген. Қазіргі кезде ол белгілі. Ұстау амалдары жүргізілуде”, – дейді ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Балтабек Абылаев.

Ал, полиция көлігінің астына түсіп қалған 35 жастағы Ерсайын Әбілевтің хәлі тым ауыр. Ес-түсіз жатқан азаматтың өмірі үшін дәрігерлер кешеден бері арпалысып жатыр.

Талқылау