Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көз жұмған мектеп түлегінің менингит жұқтырғаны расталды

Шымкентте көз жұмған 18 жастағы мектеп түлегінің менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкентте көз жұмған мектеп түлегінің менингит жұқтырғаны расталды

Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша мектеп түлегінің менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталды.

«Қазіргі уақытта қайтыс болған пациентпен байланыста болған адамдарды тексеріп жатырмыз», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, 2000 жылы туылған пациент менингитке күдікпен 15 маусымда таңғы сағат 6:00 шамасында ауруханаға түскен еді. Ол сағат 7:00 шамасында қайтыс болып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау