Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көшедегі адамдарды көңіл көтеру мақсатында атқан жігіт сотталды

Еш себепсіз 4 адамды жаралаған Алмас Мұсахан енді 13 жылын түрмеде өткізеді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Оқиға былтыр тамыз айында Түркістанда болған. Достарымен серуенге шыққан 22 жастағы жігіт көлік ішінен жол бойында тұрған топқа қарай оқ жаудырыпты.

Тергеу кезінде бұл әрекетке іші пысқан соң барғанын айтқан. Еріккен сотқардың әрекетінен 3 адам жеңіл жарақат алса, бытырадан ауыр жарақат алған тағы біреуі өлім аузынан қалыпты.

2015-ші жылы кісі тонағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталған ол енді 13 жылға қатаң тәртіптегі колонияға жіберілді.

Қызылорда облысы топан судың астында қалуы мүмкін

Тараздағы алапат өрт 30-ға жуық адамның өмірін жалмай жаздады

Өскеменде жүргізуші көлігімен бірге өзенге құлап кетті (фото)

Ақтауда той кортежінде отырған жас жұбайлар терезеден оқ жаудырды (видео)

Талқылау