Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпқабатты үйден үш бала мен әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның  денесі табылды, деп хабарлайды Тvk-uko.

Жексенбі, 10 желтоқсан күні Республика даңғылы, 31 мекен жайындағы үйдің төртінші қабатындағы пәтерден төрт адамның  денесі табылды. Олар, төрт жастағы қыз бала, он екі және он үш жастағы екі жеткіншек және қарт әйел.

Отбасы пәтерді жалдап тұрған. Оларды көптен бері көрмегеніне алаңдай бастаған туыстары мен көршілері полицияға хабарласқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кірген. Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері үш тәулік бойы жатып қалған. Қайғылы қазаға  газдың таралуы себеп  болуы мүмкін. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Белгілі әнші Ескендір Ибрагим кәсіпқой боксқа ауысып, қарсыласын нокаутқа түсірді

Астана мен Челябинск хоккейшілері матч кезінде жаппай төбелесіп кетті (фото)

Роналду: Әлемдік футбол тарихындағы ең үздік футболшымын

Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алатын болды

 

Талқылау