Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің қапталы алып картинаға айналды (фото)

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен Қазақстандағы ең ірі арт-жоба жүзеге асты.

45de546374c35464f2ffef577bc05c46

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ерекше картина Арғынбеков көшесінде пайда болған. Нұрсәт ықшамауданындағы бес қабатты үйдің көше жақ қапталына шығыс ертегісі желісіндегі сурет салынған. “Ұлы Жібек жолындағы керуен” деп аталатын шығармашылық жобаны жүзеге асыру үшін алматылық Repas тобының суретшілері мен шымкенттік стрит-артмендер атсалысқан.

4dfa57d3a7fa88a07e52d5caa48a0560

“Жұмысқа кірісе бастаған кезде тұрғындар қайдағы бір нәрсені салып жатырсыңдар деп наразылық танытты. Ал суретіміз кейін боялып, өң-түсі анықтала бастаған сәтте ол адамдарға ұнай бастады: қызығушылықпен қарап, мақтады. Бұл жобаны жән-тәнімізбен жүзеге асырғандықтан, олардың ықыласы біз үшін ыстық. Бұл біздің Шымкенттегі соңғы жобамыз емес деп үміттенеміз”, – дейді суретшілердің бірі.

fd81585956545639eb22201ab3c9b636

Құрамында бес суретші бар шығармашылық ұжым 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Шымкентке жігіттер қала басшылығының шақыруымен келген. Суретшілердің жұмысы мамыр айында өткен “Shymkent Art Days” фестивалінде бағаланды.

1111

“Бізге Ұлы Жібек жолын бейнелеу керек деген тапсырма қойылды. Біз зерттеп, оқып, тарихқа көз жүгірткеннен кейін ғана жұмысқа кірістік. Шын мәнінде бұл жер қаншама тарихи жолдар тоғысқан мекен. Дәл осы жермен Жібек жолы да жүріп өткен. Бұл бізді одан әрі ынталандыра түсті”, – дейді Дмитрий есімді суретші.

126aceb87a1bbaf2f40339f351206144

Картинаның жалпы аумағы шамамен мың шаршы метрді құраған. Мұндай үлкен алып жоба үшін 250 келі эмулься және мыңдаған баллон сыр жұмсалған. Бұған дейін суретшілер Алматыдағы Батырхан Шүкеновтың суреті салынған алып жобаны тарту еткен болатын.

Талқылау