Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 7 баланың анасына «Алтын алқа» төс белгісін бермей қойған

Шыментте 7 баланың анасына «Алтын алқа» төсбелгісі берілмейтін болды. Бұл туралы "Караван" басылымы жазған.

5

37 жастағы Ділбар Шүкірова Еңбекші аудандық әкімдігіне «Алтын алқа» төсбелгісін алуға құжат тапсырады. Арада бір ай өткенде дүкеннен шыққан он жастағы ортаншы қызын көлік қағып, мерт болады. Бірыңғай ақпарат орталығынан хабардар болған әкімдік  “құжаттарыңызды алып кетіңіз, сізге енді «Алтын алқа» берімейді” деп хабарласқан. Енді ол он жасқа дейін бағып-қаққан қызын есепке алмағаны ақ жағалыларға ренжіп отыр.

“Ол да менің бір балам ғой. Мен оны тудым және он жасқа дейін тәрбиелеп, өсірдім. Перзентімді қалайша балаларымның тізім тастай аламын. Баламды қалайша есептемеймін. Ол маған мына бапты қараңыз, оқыңыз”,- деді Ділбар Шүкірова.

Айтуынша, заңда  арыз берген уақытта жеті баланың тірі болуы көрсетілген. Өтініш берген уақытта жетеуі де дін аман болған.

“Қала әкімі аппаратының зерделеуі барысында бас тартылған. Заңға сәйкес, «Алтын алқа» берілмейді. Алтын алқа жеті және одан да көп балалылар үшін беріледі”, – деді Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев.

10 жастағы қызды қаққан кінәлі қамауда отыр. Сот отырысының бірі бүгін өтті. Әділ шешімді күтіп жүрген алты баланың анасы әрі «Күміс алқа» иегері қазір жетіншісіне жүкті. Амандық болса, үш айда босануы тиіс.

Талқылау