Шымкентте қонақүйге жалған жарылғыш зат қойып кеткен адам  іздестіріліп жатыр

Ойыншық бомбаны ғимаратқа қойып, тіпті мекеме күзетшісін пышақтап кеткен бұзақының мақсатын жұрт түгілі, тіс қаққан полицейлерде түсінбей дал

 1409559168_vaakk

Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Түнгі бірлер шамасында қонақүйге келген азамат қойнындағы қорабын есік алдына қалдырыпты. Сыртқа шыққан 20 жастағы күзетшісі затын алып кетуін өтінгенде жүзін жасырған қаскөй оған пышақ сұғып, артынша із суытқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер мен арнайы жасақ қонақүй мен оның жанындағы үйлердегі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарып, көшені жауып тастады.

Әбден әбігерге түскен саперлар қорап ішінен тура шытырман фильмдегідей жарылғыш затты алып шыққан. Сағат пен телефонға оралған гранатаның жанынан қызыл және көк сымдар да шығып тұр. Тек, бұл жарылғыш зат ойыншық болып шықты. Жарақат алған күзетші ауруханада жатыр. Ал қаскөй қазір іздестірілуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар