Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көліктер опырылып түскен асфальттің астында қалып қойды (фото)

Қатты жауған жаңбыр мен қар Шымкенттегі жолдардың сапасын анықтап берді. Жақында ғана салынған асфальт көліктердің астында опырылып түсті.

машина асфальт

Бұл туралы Отырар TV арнасының «Экстренный вызов» бағдарламасында айтылды.

Оқиға салдарынан ондаған көлік жер астына түсіп кетті. Жүргізушілер меншіктерін өздігінен шығар алмады. Кейбіреулер жол қозғалысын реттейтін жандарға жүгінсе, енді біреулер арнайы техника жалдап шығындалды.

Мұндай жағдай Адырбеков көшесінде де тіркелді. Мұнда жер астына манипулятор кете жаздаған. Жүргізушінің сөзінше, көлік бақылаудан шығып, жүк көлігі қисайып кеткен. Жер астына алдымен көліктің алдыңғы, артынша артқы дөңгелегі кіріп кеткен. Шағын габаритті көлік бір жағымен қисайып құлап, үстінен тас төсеуіштер құлаған.

«Жылдамдық режімін сақтап жол бойымен келе жаттым. Алғашқыда, тіпті, не болғанын түсінбедім. Далаға шыққаннан кейін көліктің алдыңғы дөңгелегінің жаңа төселген асфальтпен бірге түсіп кеткенін көрдім. Мен енді не істеймін? Тауар зақымдалды?! Кімге шағымданамын, автокөлік иесінің шығынын кім өтейді? Тіпті де білмеймін…» – дейді жүргізушілердің бірі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткен. Аталмыш оқиға манипуляторға едәуір көлемде материалдық шығын алып келді. Автокөлік иесі өз жұмысына селқос қараған жандардың жазалануын талап етіп отыр. Өкінішке қарай, жол жөндеушілер асфальт төсеу барысында технологияны дұрыс ескермеген сыңайлы.

vlcsnap-2016-10-14-16h45m57s60

vlcsnap-2016-10-14-16h46m28s110

vlcsnap-2016-10-14-16h46m37s207

vlcsnap-2016-10-14-16h46m50s77

vlcsnap-2016-10-14-16h46m04s137-747x420

 

 

 

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкенттік жолтөсеушілер көлік тұрған жерлерге асфальт төсемей айналып өткен (фото)

Павлодардағы асфальттің опырылуы: әйел мен баланы қалай құтқарып қалды

Ақтөбеде тұрғындар жеке қаражаттарына көшеге асфальт төсеп алды

Қарағандыда екі тұрғын үйдің ортасындағы асфальт опырылып кетті

Талқылау