Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көлік жүргізушілері “рахметті” жүк салғыштың көмегімен жеткізді (видео)

Шымкенттік инстаблоггердің желіге салған ролигінде, жергілікті көлік жүргізушісінің өзін өткізіп жібергендерге ерекше алғыс білдіруін жариялаған. Сірә, жүргізушілерге жәй ғана артқы жарықты жаға салу жеткіліксіз болған секілді. Рас, кей жас жүргізушілер тісқаққан көлік жүргізушілерінің ортақ тілін түсінбей жатады.

вмвм
Бірнеше жылдан бері ым-ишара мен сигнал жүргізушілер арасында алғыс білдірудің синонимына айналып кеткен. Ең аяғы, жол жиегінде полицияның тұрғанына дейін “ескертіп” кетіп жатады. Қысқа фарды жағып қалу арқылы қарсы келе жатқан жүргізушіні “құлақтандыра” аласыз. Аңызға сүйенсек, фармен белгі беру оңтүстік мемлекеттерінің бірі ойлап тауыпты. Бұл туралы газетке жариялағанда, милиция басшылары ештеңе ойламаған. Алайда 2 күннен соң барлық Кеңес Одағының көлік жүргізушілері жаңа тәсілді қолдана бастаған.

Жолда арнайы жазылмаған ережелер бар. Мәселен жол сұрау үшін, сол қолды көтеріп өтініш білдіре алады. Бұл үшін сол қолды көтеріп, бірнеше секунд ғана төтенше жарықты жаға салу жеткілікті.

Әлеуметтік желі қолданушылары “Рахмет” атты жаңа тәсілді де қабылдауға дайын.

Талқылау