Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көлік қағып кеткен полицей хал үстінде жатыр

4 наурыз күні түнде жол бойында өзге көліктің құжаттарын тексеріп тұрған тәртіп саөшысын, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып кеткен. Ауыр жарақат алған полицей дереу ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлайды.

фсфс

Полицейді қағып өткен “Киа Церато” көлігін тізгіндеген азамат, оқиға орынынан ізін жасыруға тырысқан. Алайда полиция қызметкерінің серігі өзге әріптестерімен байланысқа шығып, күдіктіні 15 минуттың ішінде қолға түсіреді.

Жансақтау бөліміне түскен 25 жастағы Ғабит Кубеев әлі есін жимады. ОҚО ІІД дәрігерлермен бірге қызметкерінің денсаулығын жіті бақылауға алып қадағалап отыр. Тіпті Ішкі істер департаменті полицейді меемлекеттік марапатқа ұсынуға да ынталы.

Ал тәртіпсіздік жасап ұсталған азамат 1989 жылы туған Шымкент тұрғыны екен. Қазіргі таңда күдіктіге ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау