Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көлігімен бір топ адамды қағып қашып кеткен бай баласына халықаралық іздеу жарияланбақ

Шымкентте қымбат көлігімен жол жөндеп жүрген бір топ адамды қағып кеткен бай баласына халықаралық іздеу жарияланбақшы. 20 жасар Исмайыл Сүлеймен 13-ші тамызда қала ортасымен жүйткіп келіп, 4 жұмысшыны қағып кеткен еді. Нәтижесінде, жол жөндеушілердің бірі оқиға орнында көз жұмса, тағы үшеуі ауыр жарақат алған. Көп уақытын шетелде өткізіп келген жігіт содан бері ұшты-күйлі жоқ, – деп хабарлайды ктк арнасы.

20160815204611_695x463

Жол апатын жасаған сәтте көлік ішінде Исмайылдың жанында тағы үш досы болған екен. Төртеуінің де сол сәтте удай мас болғанын және жол апатына ұшыраудың алдында БМВ-ның жылдамдығын 100-ден асырғанын полицейлерге өздері айтып берген. Жұмысшыларды жазым етсе де, шұңқырға түсіп кеткен кабриолеттегі байдың балаларына ешнәрсе де болмаған. Арнайы топ құрып, бүкіл Қазақстанды шарқ ұрып іздеп жатқан полицейлер бай ұлын енді ел аумағынан табарына сенбейтін сияқты. АҚШ-тың беделді колледжінде оқуын аяқтап, Дубайда жоғарғы оқуын жалғастырып жүрген оған халықаралық іздеу жарияланбақшы. Тиісті құжаттарды рәсімдеп жатқан шенділер 20 жасар Исмайыл Сүлейменге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау