Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көліктердің жол ақысы автоматтық жүйеге көшеді

Шымкентте кореялық Korea Smart Card компаниасы өкілдерімен кездесу өтіп, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізілді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізіледі. Мәселен, электрондық қондырғыларды автобустарға орнату, арнайы жол жүру картасын шығарудың барлығы  инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.

Korea Smart Card компаниясы – автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі  үздік инвестициялық ұйым. Компания 2004 жылдан бері 97 млионнан астам электронды картаны жүйеге енгізген.  Бір күндік транзакция көлемі 19 миллион доллардан асады. Кореялық компания Сеул қаласының астаналық муниципалитетінің  36, 16 пайызына, LG Group копманиясының 32, 91 пайызына акционер есебінде иелік етеді. Бұған дейін электронды билет жүйесін Малайзия, Тайланд, Вьетнам, Ресей, Жаңа Зелландия және Колумбия елдерінде қолданыста.

Айтуынша, 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Алайда жақын аралықта қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі.

Бүгінде қалада 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1 198 кестемен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктерде жол ақы тарифі басқа қалалармен салыстырғанда төмен.

Талқылау