Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте клиенттердің ақшасын ұрлап, қашып кеткен банк басшысы іздестірілуде

Шымкентте бірнеше салымшының ақшасын заңсыз иемденіп кеткен банк басшысы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Нұржан Бауыржанұлы Көлбаев банктердің бірінің филиалын басқарған. Банк басшысы алаяқтық жолмен салымшылардың ақшасын иемденіп, белгісіз бағытта жасырынған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Күдіктінің белгілері: бойы 170 сантиметр, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ.

Полицейлер күдікті 1973 жылғы Нұржан Көлбаевқа қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер мына 8-(7252)-97-60-09, 8-777-612-32-44 немесе “102” телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Тағы оқыңыз:

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Синоптиктер: Алматыда әлі 4 күн бойы қар жауып, аяз басталады

СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің өлі денесі табылды

Боранда көшеден табылған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр

Талқылау