Шымкентте келіндер сайысқа түсіп нағыз тартыс көрсетті

Бейсенбі, 17 Наурыз , 2016 10:26

“Үздік келін” атану үшін Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарынан біраз үміткерлер қатысты. Олардың әрқайсысы өздерінің тамақ жасау шеберліктері мен ұлттық қазақи дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін паш етті.

ысысыс

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Сайысқа қатысушылардың бірі Әсем Нұралиев осы конкурсқа дайындалудың арқасында, біраз нәрседен хабардар болғанын жасырмады.

“Мен өзім өнер көрсеткен кезде қазақ келіні еңбексүйгіш әрі қайырымды болу керек деп айттым. Ол өзінің күйеуіне берілген, тек өз отбасымен ғана емес, бүкіл әулетпен тіл табыса алуы керек”, – дейді Әсем.

Ерекше сайыс көктем мерекесі Наурызға орай ұйымдастырылып отыр. Келіндердің өнерін мәдениет өкілдері мен келіндердің енелері бағалады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: Үздік ұлттық тағам дайындау, үздік сәнді киімдер және сәби үшін бесік жырын айту. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай іс-шара бірінші кезекте жастардың танымын арттыра түсу үшін қолға алынып отыр екен.

ыс

Нәтижесінде гран-приге және “Үздік келін” атағына Әсем Нұралиева лайық деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Төле би және Ордабасы аудандарының келіндері өзара бөлісті.

вмвм

“Ол менің келінім емес, ол менің қызым секілді. Ол менің бақытым, мақтанышым. Осындай келін бергені үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Сіздерге де үйлеріңізге тәрбиелі әдемі келін келіп көпбаланың анасына, отбасының панасына айналсын деп тілеймін”, – деп қуанышымен бөлісті Әсемнің қайын енесі Батыр Нұралиева.

018

Барлық жеңімпаздарға келіндерге ерекше қажет болатын қымбат бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар