Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш қойылмақ

Шымкент қаласының бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының, қазіргі «Қоғамдық келісім» ғимаратының алдына «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументі  орнатылады. Бұл жайлы облыстық этномәдени бірлестік өкілдері талқылады.

86998f815a6b16b9d40ec03b0738697e

Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінде ОҚО ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің кездесуі өтті.

Отырыста хатшылық жетекшісі Мұратәли Қалмұратов қорытынды жасап, барлығына алғыс білдірді. Ол жиналғандарды 2016 жылдың жоспарымен таныстырып, ұйымдастырылып жатқан жобаның бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналатынын айтты.

«Қазақ халқына мың алғыс» монументі бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының, қазіргі «Қоғамдық келісім» ғимаратының алдына орнатылады.

Талқылау