Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 4 адамға ажал құштырған мас жүргізуші шенді туыстарын араға салуда

Шымкентте ішімдікке тойып алған бай баласы 4 адамды ажал құштырды. Қымбат джип мінген ол жылдамдықты асырғанымен қоймай, қарсы бағытпен жүріп басқа жеңіл машинамен бетпе-бет соқтығысқан. Көлік ішіндегі төрт адам түгел көз жұмды. Енді марқұмның туыстары кіналі жауаптан сытылып кетеме деп қорқады. Себебі,ол полицияда шенді ағалары барын айтып мінез көрсеткен,-деп хабарлайды КТК арнасы.

шымкент

Екеуі 1және 5 жастағы бүлдіршіндер. Апат орнына лезде жиналған марқұмдардың туыстары тентекті өзіміз тезге саламыз деп, арты үлкен айқайға ұласты.

шымкент22

Ашуға мініп, полицейлерді жұлып жеуге дайын тұрған бұлар апатты ести сала оқиға орына жеткен марқұмдардың туыстары. Төрт адамды жазым қылған Лексустың жүргізушісін полицейлер қызметтік көлігіне жасырып, қорғауға тырысты. Тіпті бірлі жарымының әлі жетпеген соң әріптестерін көмекке шақырған.

шымкент33
Қанды апат сенбі күні қала орталығында болды. Спирттік ішімдікті тойып ішіп, Лексус 570-ті тізгіндеген 24 жастағы Мұрат есімді жігіт полицейлерден қашыпты. Тіпті, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Аудимен соқтығысқан. Оның ішіндегі бір әулеттің 4 адамы түгел мерт болды. Екеуі 5 және 1-ден енді асқан бүлдіршіндер.

4 жақынын жерге тапсырған Дауылбаевтар отбасы кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Себебі, Лексустың жүргізушісі Мұрат Танкеев полиция мен прокуратурадағы жоғары шенді ағаларының атын атап, ешқандай жазаға тартылмайтынын айтыпты.
-Әкесі бай екен, бизнесмен деді. Әкесінің інісі сол ІІД бір криминалистика бөлімінің бастығы екен. Сол үшін әпкемнің көзіне боқтаған не істесең оны істе деп. Қайда барсаң сонда бар. Соттасаң сотта маған дауа жоқ деді. Ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан ештеңе келмейді деп айтты.-дейді марқұмдардың туысы Айжан Әпсалямова.

шымкент44

Мұрат Танкеевті сол күні қамауға алған полицейлердің өзі оның ішкі істер департаментіндегі туыстары туралы жақ ашпайды. Қазір тек 1 бап бойынша тергеу жүріп жатыр екен.

-Лексус автокөлігінің жүргізушісі сараптама қортындысы бойынша спирттік ішімдік ішіп рульге отырған. Қазіргі таңда Лексус жүргізушісі қамауға алынды.ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жол ережесін өрескел бұзу.- дейді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

шымкент111

Ресми түрде еш жерде жұмыс істемесе де қымбат Лексусті тізгіндеген Мұрат Танкеевтің туыстары марқұмдардың жақындарына келіп кешірім де сұрапты. Тек 4 бірдей азаматынан айрылған Дауылбаевтар кешірмек түгілі барынша қатаң жазаға тартылмаса бай баласының сазайын өзіміз береміз деп бекініп отыр.

Талқылау