Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қайтыс болған ер кісінің кім екені анықталды

Қарағанды тұрғыны Шымкенттегі парктен өлі күйінде табылған ер адамның кім екенін таныған. Өлімнің себептері әлі нақтыланбады.8974372

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Шымкенттегі паркте өлі күйінде табылған ер адамның кім екенін, полиция анықтап тіркеді, дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті.

Белгісіз ер адамның мүрдесі 11 қаңтар күні Қазиев көшесінен табылған. Тәртіп сақшылары марқұмның 40-45 жас шамасындағы, бойы 180 см болатын, азиялық бет-пішіндегі азамат екенін жариялаған еді. Сот-медициналық сараптамасы арқылы белгілі болғандай, ер адам мидан алған жарақаттың кесірінен қайтыс болған.

Полиция қызметкерлері көше аралап сауал жүргізіп, жақын орналасқан үйлердің тұрғындары мен дүкендердің, басқа да мекемелердің қызметкерлерінен куәгер іздейді.

“17 қаңтар күні ОҚО ІІД-ға 45 жастағы Қарағанды тұрғыны хабарласып, ағасының бір апта бұрын жоғалып кеткенін айтады. Нәтижесінде қарағандылық қайтыс болған ер кісінің Шымкентте уақытша тұрып жатқан, 1969 жылы туылған өз ағасы екенін таныды”, – деп хабарлайды ІІД.

Орын алған оқиғаға орай, полицейлер барлық қажетті тергеу-анықтау іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Прцессуалдық шешім қабылдайтын, сотқа дейінгі тергеу амалдары да жүргізілетін болады.

Талқылау