Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қариялар бата беруден жарысты

Оңтүстік Қазақстан  облысында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты сайыс өтті. Арыс ауданында ұйымдастырылған сайыста қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті,-деп жазды Қазақпарат.

Шымкентте қариялар бата беруден жарысты

Шара мақсаты – көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету. Байқау талаптары бойынша жарысқа 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысты.

Олар мақал-мәтел мен  өнегелі-өсиет сөздер айтудан сайысты.  Бата беру мен өнер байқауынан бақтарын сынап көрді.  Ауыл ақсақалдары, сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін баталардың мәнін түсіндіріп отырды.

Сайыс қортындысымен қазылар алқасы  бірінші орынға  Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебекті лайық деп тапты.

Ал екінші орын  аудандық ардагерлер ұйымының атынан қатысқан Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеевтерге бұйырды.

Үшінші орынды Дермене ауылының қариясы Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласының ақсақалы Тыныштық Карбозовтар иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен  бағалы сыйлықтар берілді.


Оқи отырыңыз: Бата беру: дастарханға бата

 

 

Талқылау