Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қаңтардың басында ағаштар бүршік жарып жатыр

Шымкентте қаңтар айының басында ағаштар бүршік жарып жатыр. Еліміздің аумағы арқылы Арктикалық антициклон өткеніне қарамастан, Шымкентте демалыс күндері күн жылы болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкентте 20-21 қаңтар аралығында ауа температурасы 13-14 градус жылы болған. Ал түнде ауа температурасы -1 градусқа ғана төмендеді.

Синоптиктер мұндай ауа райы 23 қаңтарға дейін жалғасады деп болжады. Мұнан кейін күн суытады. Мұндай жағдай еліміздің оңтүстігінде алғаш болып отырған жоқ. Айдың басында ағаштар бүршік жарып, бақбақ гүлдеген еді.

Ал еліміздің солтүстігі  40-45 градус аязға қамданып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 9-сынып оқушысы босанып алды

Мансабың үшін көнесің: Қазақстандық қыз-келіншектер басшылардың интимді қатынасқа қалай тартатынын айтты

Астанада 15 жастағы жетім қыз құрдасынан бала тауып, аналар үйін паналап отыр

Жүкті қазақ әйелі қытай түрмесінен Қазақстанға қашып келген

Талқылау